Не үшін ХҚТЛ?
Не үшін ХҚТЛ?
ЛИЦЕЙ ӨЗ МІНДЕТІН ОРЫНДАЙДЫ
АВТОРЛЫҚ КІРІКТІРІЛГЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
БІЗДІҢ ОҚЫТУ ӘДІСІМІЗ ӨЗГЕШЕ
-1-
-2-
-3-

     ХҚТЛ-дің негізгі мақсаты – білім алушылардың зияткерлік, адамгершілік, физикалық дамуына, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік белсенді болуына ықпал ету. Тұлғаның интеллектуалдық дамуына, сауаттылығының жоғары деңгейіне, танымдық белсенділікке тұрақты мотивациясына және көп тілді білуге ықпал ететін білім беру кеңістігін қалыптастыру.

     ХҚТЛ Қазақстан Республика - сының мемлекеттік бағдарламасы мен Халықаралық бағдарламаларының бірегей сабақтастығын ұсынады. Оқу үдерісі 4 тілде (қазақ, орыс, түрік, ағылшын) жүргізіледі. Бұл оқушыларға мемлекеттік және халықаралық емтихандарды тапсыру үшін жақсы дайындықты қамтамасыз етеді және өмір бойы білім алуды үйренуге, өзін халықаралық ойлауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

     Лицейімізде жоғары білікті және тәжірибелі оқытушылар бар, олар өз оқушыларының әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін шын ниеттерімен қамқорлық жасайды. Біздің ұстаздарымыз ХХІ ғасырда білім берудің көптеген қиындықтарына төтеп беру үшін үнемі өздерінің кәсіби деңгейін көтеру үстінде тыңбай еңбек етеді. ХҚТЛ мұғалімдері Қазақстанның білім беру жүйесіндегі көшбасшылар ретінде танылған.

-4-
ОҚУШЫНЫҢ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЗОР

   ХҚТЛ-дің әрбір оқушысы өзара құрметке, төзімділікке және қоғамға қызмет етуге негізделген бірегей халықаралық қауымдастықтың бір бөлігіне айналады. Білім беру көп ұлтты, көп тілде сөйлейтін ортада өтеді және өз кезегінде лицейге халықаралық білім негіздерін түсінудің кілті ретінде насихатталады: тәуелсіз ойлау, табиғи қызығушылық, оқуға деген ынта және жақсы тәрбие.

-5-
БОЛАШАҚТА ТАҢДАУ ЖАСАУ ОҢАЙ

     ХҚТЛ түлектері беделді қазақстандық және шетелдік университеттерге оқуға түсіп, аяқтайды әрі еңбек нарығында табысты бәсекелесе алады.

-6-
ӘР ОҚУШЫҒА ЖЕКЕ КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

   ХҚТЛ білім алушыларға білім берудің түрлі әдістерін ұсына отырып, жеке және әлеуметтік қажеттіліктеріне қызмет етеді. Лицейде шағын сыныптар бар (ең көбі 20 оқушы). Әрбір оқушыға бірегей тұлға ретінде қарайды. Лицейде сынып жетекшілері, мұғалімдер, психологтар, дәрігерлер, тамақтандыру қызметі және әрбір оқушыға барынша жақсы күтім жасайтын және қамқорлық жасайтын қауіпсіздік қызметі бар.

-7-
ХҚТЛ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕТІН БІЛІМ ОРДАСЫ

ХҚТЛ білім алушылардың оқуын және жеке тұлға ретінде дамуын жеңілдету үшін заманауи жабдықты қамтамасыз етеді. Ыңғайлы және жақсы жабдықталған оқу бөлмелері, әр сыныптағы интерактивті тақталар, компьютерлік сыныптар, спорт залы, асхана және кітапхана – бұл ұсынылатын заттардың бірнеше мысалы ғана.

-8-
  БІЗ ӨЗ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ 
БАҒАЛАЙМЫЗ

      ХҚТЛ білім алушылары бойына адамгершілік құндылықтарды дарытқан, өршілдігі күшті мақсаткер, еңбекқор, жаңашыл, толерантты, жаһандық қоғамның болашақ көшбасшысы болуға ұмтылады. Біз барлығымыз жауапкершілікті өз мойнымызға ала білуге, ашық және тәуекелшіл зерттеуші, білімді, принципті және қамқор ашық және салмақты да салиқалы ойшыл болуға ұмтыламыз.

-9-
ГРАНТТАР ТАҒАЙЫНДАЙДЫ, ЖЕҢІЛДІКТЕР БӨЛЕДІ

     ХҚТЛ демеушілері есебінен білім алушылардың әлеуметтік жағдайын және оқудағы жетістіктері мен түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарына, спорттық іс-шаралар жүлдегерлеріне гранттар тағайындайды, жеңілдіктер бөледі.

ҚАРҚЫНДЫ САБАҚТАН ТЫС ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

Сапалы білім және саналы тәрбие берумен қатар, ХҚТЛ өз оқушыларының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін сабақтар аяқталғаннан кейін қосымша білім беру аясында әртүрлі іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.
-10-