ХҚТЛ - көптілді білім беру мекемесі. Ал көптілді адам – көпқырлы, ой-өрісі кең, ойлы адам. Мұнда білім алып жатқан оқушы ана тілінен бөлек екі шет тілін, яғни ағылшын және түрік тілдерін меңгеріп, көптілді жастар керуеніне қосылады. Қазіргі әлемде шет тілін білу өзінің орасан зор ақпараттар мен инновациялар ағынымен үлкен жаһандық әлемге терезе ашады. Шет тілін меңгеру шетелде әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік береді және планетаның озық елдерінде практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.Көптілділік бағдарламасы бойынша сабақтар барысында педагогтар пән мен тілді меңгеруді ұштастыруға мүмкіндік беретін оқытудың әртүрлі әдістерін пайдаланады, яғни кіріктірілген оқытуды жүзеге асырады.