Нуранова Гаухар Багдаткызы
«Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі» ЖМ директордың міндетін атқарушы

«Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі» ЖМ директоры лицейдің жоғары басқару органы, уәкілетті орган және басқа да білім беру мекемелерімен бірлесіп лицейдің даму бағдарламасын, оқу жоспарларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлейді, бекітеді және жүзеге асырады.

Лицей педагогтерінің және басқа да қызметкерлердің жұмысын жоспарлайды, үйлестіреді және бақылайды. Педагог кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қызметкерлердің қызметтік міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасайды, шығармашылығын ынталандырады. Ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастырады. Оқушылар контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру бағдарламаларының орындалуына, түлектердің білім сапасына, өмірі мен денсаулығына, білім алушылардың және лицей қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жауапты болады.