Ата-аналар ұйымы
Ата-аналар ұйымы
ХҚТЛ-де білім мен тәрбиенің сапалы болуы үшін лицей әкімшілігі мен ата-ана арасында тығыз байланыс, үздіксіз қарым-қатынас болуы қажет. Бұл байланыстар мен қарым-қатынастарды орнатып, жандандыратын «Ата-аналар ұйымы». Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімі, олардың лицейдегі және лицейден тыс мінез-құлқы мен тәртібі тақырыптарында лицей әкімшілігінің отбасымен бірлесіп жұмыс істеуі өте маңызды. Ата-ана мен лицейдің ынтымақтастығы оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайына, отбасындағы, лицейдегі мінез-құлқы тұрғысынан өте тиімді. Ата-аналар ұйымы лицейдегі тәртіпті сақтауда, бағдарламаларды дұрыс орындауда, оқушылардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктеріне көмектесуде баға жетпес қызмет көрсете алады.