Уақытты үнемді қолдану, ең басында оңай сұрақтарды жасап алу, кейін қалғандарын, жауап парақшасын толтыруға кемінде 10 минут жұмсап өте мұқият толтыру (аппеляцияға тек жауап парағына жазылған жауаптар ғана қабылданады). Білмеген сұрақ жауабын белгілемей бос қалтыру, өйткені 4 қате жауап 1 дұрыс ұпайды жояды. Емтиханнан 1 күн бұрын бала жақсылап тынығып алғаны дұрыс, емтиханға барар алдында асқазанына кері әсер беруі мүмкін ас жемегені абзал.