Оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарына қатысты заңдары мен стандарттары негізінде халықаралық білім беру мекемесінің шеңберінде және сипатында дайындалады және жүзеге асырылады. Оқу бағдарламалары бір оқу жылына дайындалады. Оқу бағдарламаларын лицей әкімшілігі тиісті нормативтік-құқықтық актілер негізінде дайындайды және жүзеге асырады. Оқу бағдарламаларының дайындалуы мен орындалуына директор және директор орынбасарлары тікелей жауапты. Оқу бағдарламаларын дайындау кезінде ата-аналар мен білім алушылардың тілектері, заманауи қажеттіліктер мен құндылықтар ескеріледі.