Олимпиадалар, конкурстар:

     Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі (ХҚТЛ) ұлттық және халықаралық Олимпиадалар мен конкурстар ұйымдастырады. Сондай-ақ елімізде және шет елдерде ұйымдастырылатын әр-түрлі пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, жобалық жарыстарға қатысады. Бәсекелесу оқушылардың қабілеттерін, дағдыларын, бейімділігі мен ұмтылысын жақсартады, көшбасшылыққа жетелейді, табандылық пен жетістікке жетуге деген қабілетін арттырады. Бұл алған білім мен тәжірибесін бағалауға мүмкіндік береді. Осы орайда, ХҚТЛ білім алушыларының бірқатар жетістіктері бар.