ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ЛИЦЕЙІ

(ХКТЛ) ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 

     Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі (ХҚТЛ) ресми түрде 2015-2016 оқу жылында 15-16 сәуірде құрылды. Түркиядағы "2015 жылғы 15 шілдедегі тәртіпсіздіктерден" кейін құрылған бұл мекеменің екі негізгі мақсаты болды: Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы Түрік лоббиінің орта білім саласындағы оқу-білім қажеттіліктерін қанағаттандыру, екіншіден, достас және бауырлас ел Түркия мен Қазақстан Республикасы арасындағы оқу-білім, мәдени және ғылыми қарым-қатынастарды дамыту.

 

     Орталық Азия мәдениет қоры Түркия Республикасы Үкіметінің өтінішін назарға ала отырып, Алматы қаласындағы Қазыбек би көшесі №168 мекен-жайдағы оқу ғимраратында халықаралық сипаттағы орта мектеп ашу туралы шешім қабылдады. Қазақстанның әкімшілік-құқықтық органдарынан қажетті рұқсаттарды алу, лицейді ашу рәсімдерін Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Риза Каан Иылмаз мырза және қордың басшысы Сабри Хизметли бірлесе атқарды. Халықаралық Қазақстан лицейі Тәуелсіз Қазақстандағы заңды түрде құрылған алғашқы халықаралық деңгейдегі орта білім беру мекемесі болды. Осылайша, Орта Азия мәдениет қорының меншігіндегі және негізін қалаған оқу орындарының қатарына Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі (ХҚТЛ) де қосылды.

 

     Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі (ХҚТЛ), Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Алматы қаласының әкімдігі, Алмалы ауданы әкімдігінің, Білім басқармасының, Қазақстан Ұлттық академиясының, жоғары оқу орындарының, бизнес және кәсіптік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың лауазымды тұлғалары, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің, Түркия Республикасы Алматы Бас консулдығы, Түркия Республикасының Астанадағы Елшілігі, TÜKİB және MUSIAD өкілдері, ата-аналар мен білім алушылардың қатысуымен ресми түрде ашылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны мен Түркияның мемлекеттік әнұраны орындалуымен басталған ашылу рәсімін проффессор, доктор Сабри Хизметли жасады. Қонақтардың және басқа да ресми тұлғалардың сөз сөйлегенінен кейін салтанатты шара университет пен колледж студенттерінің ұйымдастырған концертіне ұласты.

 

     ХҚТЛ бүгінгі күнге дейін 4 оқу жылын аяқтады. Түлектері Қазақстанның, Түркияның және басқа елдердің белді университеттерінде оқуларын жалғастыруда. ХҚТЛ-дің өзіндік ерекше аспектілері мен артықшылықтары бар. Атап айтсақ, Қазақстандағы заңды түрде құрылған алғашқы «халықаралық» лицей; көптілді білім береді (қазақ, орыс, түрік және ағылшын); екі шет тілін (ағылшын және түрік) жоғары деңгейде оқытады, оқушылардың жеке қабілеттері мен дағдыларына сәйкес білім беру бағдарламаларын ұйымдастырады, білім мен оқыту сапа мен біліктілікке негізделген. Елінің ертеңі, отбасының жалғасы, қоғамның үміті болып табылатын жастарды тәрбиелеуге қамқорлық танытқан ХҚТЛ болашақта Қазақстанның және әлемнің брендіне айналуды мақсат етеді. Ол білім алушылар мен мұғалімдерді конкурс арқылы қабылдап, тәжірибелі, білімді де білікті, санатты ұстаздарды таңдау арқылы білім сапасына негізделетінін көрсетеді.

 

     Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі (ХҚТЛ), 2022-2023 оқу жылында 4 қабаттан тұратын 2 жаңа білім кампусында заманауи жабдықталған оқу кабинеттерімен, жаңа түсініктермен және ережелермен, жаңартылған білім беру жүйесімен, білімді және білікті педагогтар құрамымен оқыту және білім беру қызметін жалғастырады. Бұл лицейде білім алушы мен олардың ата-анасы білім беру тіліне сәйкес (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) білім беру бағдарламасын таңдау мүмкіндігіне ие.

 

     Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі (ХҚТЛ) 2022-2023 оқу жылында 1-11 сынып оқушыларын қабылдайды. Сыныптарда ең көбі 20 оқушы оқиды. КЕЛІҢІЗ! КӨРІҢІЗ! ОҚЫҢЫЗ! Біз сіздерді күтеміз!

 

Құрметпен, Академик доктор, профессор Сабри Хизметли

 

ХҚТЛ Жоғарғы Басқару Кеңесінің Төрағасы