Оқу бағдарламасы

     ХҚТЛ-да білім беру және оқыту лицейдің Жарғысына, Ережесіне және басқа да нормативтік құжаттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің тиісті заңдары, стандарттары, талаптары, қағидалары мен бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады. Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде қолданылатын білім беру бағдарламаларында ағылшын және түрік тілдерінен бөлек математика, логика және ана тілі сабақтарына ерекше орын мен мән беріледі. Топтар оқу тіліне сәйкес белгіленіп, қазақ тобы, орыс тобы, түрік тобы және ағылшын тобы деп аталады. Білім берудің оқу бағдарламасына енгізілген пәндер аталған тілдерде оқытылады, бұл ережеден тек шет тілдері алынып тасталады; Мысалы, ағылшын тілі ағылшын тілінде, қазақ тілі қазақ тілінде оқытылады. ХҚТЛ оқу жоспары міндетті және элективті пәндер негізінде құрастырылған. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі белгілеген стандарт бойынша оқытылады. Академиялық сағат 45 минутты құрайды. Пән оқытушысы білікті және тәжірибелі. Мұғалім аптасына 24 сағаттан артық сабақ бермейді. Сабақтарда оқушының қабілеті, дағдысы, бейімділігі, тілегі бағаланады. Социологиялық және психологиялық статус ескеріледі. Сабақтардың жалықтырмай, ұнамды, қызықты өтуіне мән беріледі.