Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейіне қабылдау саясаты

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ

    Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейінде (ХҚТЛ немесе Лицей) оқу үдерісі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (ҚР МЖМБС) мен халықаралық бағдарламалардың кіріктірілуі негізінде құрылған.

    Баланың қызығушылықтарын, қажеттіліктерін және қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау, оқу процесінде әртүрлі стратегиялар мен оқыту технологияларын пайдалану оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың жеке өсуіне, дербес және сыни ойлауын дамытуға жағдай жасайды. Білім алушыларды қабылдау және есепке алу Лицейге қабылдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

ТІРКЕУ ТӨМЕНДЕГІ ЖАЙТТАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
1
Тиісті сыныпта бос орындардың болуы (сыныптағы балалар саны 20 адамнан аспауы керек)

2
Қабылдау тестінің нәтижелері

3
Студентпен интервью

4
Психологпен сұхбат (1-сынып оқушылары үшін)

ХҚТЛ-ге ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

1
Ата-анасы/қамқоршысы қол қойған лицейге қабылдау туралы өтініш

2
Туу туралы куәлігі немесе паспорт (көшірмесі)

3
Білім алушының (3Х4) суреті 2 дана

4
Медициналық карта (түпнұсқасы) және егу парағы

5
Өткен жылғы үлгерім туралы құжаттар

6
Негізгі лицейді бітіргені туралы аттестат (10-11 сынып оқушыларына)
7
Кету парағы немесе шығу талоны
ХҚТЛ-іне ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

      ХҚТЛ-ге оқушыларды қабылдау әр оқу жылының 01 сәуірінен 25 тамызына дейін жүргізіледі.Әдетте, жаңадан келген білім алушылардың көпшілігі 1 тоқсанның басынан бастап сабаққа кіріседі. Оқу жылы ішінде білім алушыларды тиісті сыныптарға қабылдау қол жетімділікке байланысты болуы мүмкін. Қабылдау комиссиясының қызметкерлері, директорының орынбасары қабылдау процесін ұйымдастырады.Оқушыларды қабылдау туралы түпкілікті шешімді ХҚТЛ-дің қабылдау саясатына сәйкес лицей директоры қабылдайды.

ХҚТЛ-ге ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
1
Ата-аналар лицейге бару уақытын алдын ала белгілейді

2
Ата-аналар өтініш толтырып, тестілеу күнін келіседі.

3
Үміткер тестілеуден өтеді.

4
Үміткердің тестіленуі туралы құжаттарды, қабылдау комиссиясының қызметкерлері және директордың орынбасары қарайды.
5
Қажет болған жағдайда үміткер психологтің қосымша тестілеуінен өтеді.
6
Лицейге түсу немесе бас тарту туралы шешім қабылданады
7
Қабылданған шешім туралы ата-аналар тестілеуден кейін 5 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі
8
Ата-аналар оқыту/тәрбиелеу және балаға білім беру келісім-шартына қол қояды, кіру жарнасын төлейді.
БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ (1-4-СЫНЫПТАР)
Оқуға қабылдау баланың жасын ескере отырып, қабылдау тестісінің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Кіріспе бақылау:
  • Математика;
  • Қазақ және орыс тілі (оқыту тіліне сәйкес)
  • Психологпен және логопедпен сұхбат (1-2-сыныптар үшін)
  • Лицейге түсу үшін тестілеудегі ұпайлар саны 60%-төмен болмау керек.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНЕ (5-10-СЫНЫПТАР) ЖӘНЕ 11-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ
Кіріспе тестілеу:
  • Қазақ және орыс тілі (оқыту тіліне сәйкес)
  • Ағылшын тілі
  • Математика
  • Логика
Лицейге түсу үшін әр пәннен кемінде 60% балл жинау керек. 50-59% ұпай жинаған студенттер директордың орынбасарымен сәтті сұхбаттасудан кейін сынақ негізінде қабылдануы мүмкін,

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Бейімделу кезеңі

     Барлық жаңадан келген білім алушылар үшін бейімделу кезеңі 4-6 аптаға белгіленеді. Осы кезеңде сынып жетекшісі, лицей психологы, пән мұғалімдері және әкімшілік жаңадан келген оқушылардың оқу жетістіктерін бақылап, қажет болған жағдайда қолдау көрсетеді.

Сынақ мерзімі

     Қабылдау тестілеуінде 50-59% жинаған оқушылар лицей директорының орынбасарымен сұхбатынан сәтті өткеннен кейін сынақ мерзімімен оқуға түсуге болады. Сынақ мерзімінің ең жоғарғы ұзақтығы - 3 айды құрайды. Бұл кезеңнің соңында оқушының үлгерімі талданып, оның лицейде одан әрі білім алуы туралы шешім қабылданады.

Мінез-құлық ережелері

     Лицей қауымдастығының барлық мүшелері (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, лицейдің техникалық және көмекші қызметкерлері) лицейдің Тәртіптік саясатын біледі және орындайды. Жаңадан келген оқушылардың ата-аналары бұл құжатты сынып жетекшісімен бірінші ата-аналар жиналысында оқиды немесе ХҚТЛ-дің Тәртіптік саясатымен  өз бетінше танысады. Ата-аналар балаларының барлық лицей ережелерін сақтауын және себепсіз сабақтан қалмауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

ХҚТЛ-дан ШЫҒАРУ

     ХҚТЛ ережелерін өрескел бұзғаны үшін лицей білім алушының оқуын тоқтата тұруға немесе оқудан шығаруға құқығы бар.

АТА-АНА РОЛІ

     Ата-аналар баласының лицей ережелерін сақтауына жауапты. Ата-аналар балаларының сабаққа кешігіп келуіне жол бермей, ұқыптылығын, тәртібін және лицей формасын қадағалап, көмектесе алады. Ата-аналар баланың лицейдегі жетістіктері мен туындаған мәселелері туралы ақпарат алу үшін сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыста болуы керек. Қажет болған жағдайда ата-аналар лицей әкімшілігіне хабарласа алады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫСЫ

     Бала лицейге түскен кезде ата-аналар баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық картасын (бұрынғы және созылмалы аурулары, аллергия, тағамға төзбеушілік және т.б.туралы деректері бар) және вакцинация парағын ұсынуға міндетті. Ата-аналар баланың басқа балалар мен лицей қызметкерлерінің денсаулығына зиян тигізетін жұқпалы ауруды жұқтырған жағдайда лицейге дер кезінде хабарлауы қажет. Қажет болған жағдайда балаға лицейге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес жыл сайынғы медициналық тексерулер мен егулердің кестесі жасалады. Лицей дәрігері ата-аналарды алдағы екпе мен медициналық тексерулер туралы дер кезінде хабардар етеді.

ҚАУІПСІЗДІК

     ХҚТЛ тәулік бойы оқушылардың қауіпсіздігін және лицей мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Лицей ғимараттары мен іргелес аумақтарға бейнебақылау камералары орнатылды.

АҚПАРАТ ҚАУІПСІЗДІГІ

     Лицей білім алушыларының фотосуреттері тек ата-анасының келісімімен ғана пайдаланылатынын қамтамасыз етеді. Егер ата-аналар балаларының фотосуреттерінің немесе бала мен отбасы туралы мәліметтердің лицейдегі іс-шараларда оқу мақсатында пайдаланылуын қаламаса, бұл туралы лицейге жазбаша түрде ақпарат беру керек.

БАЛАЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

     ХҚТЛ балаларды (лицейге және лицейден) тасымалдау қызметін ұсынады.