Кітапхана

Кітапхана

Кітапхана


Кітапхана лицей ашылған күннен бастап өз оқырмандарына қызмет етіп, оқу және ғылым процестерін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін лицейдің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

     Лицей кітапханасы бірінші қабатта орналасқан. Кітапхананың жалпы ауданы - 257 ш.м, кітап қоймасы - 28 ш.м. Жалпы қоры - 9692 дана. Негізгі қоры - 7251 дана, оқу қоры - 7397 дана. Мемлекеттік тілдегі әдебиет – 1100 дана. Электрондық оқулықтар - 120 атау. Мемлекеттік тілдегі оқулықтар - 2050 дана. Мектепте 50 дана энциклопедиялар, анықтамалықтар, мемлекеттік және орыс,ағылшын,түрік тілдеріндегі сөздіктер бар. Оқушылар контингентіне қатысты лицейде оқу әдебиетінің қоры талапқа сай. Оқулықтар арнайы қоймада сақталады. Оқулықтар сыныптары мен пәндеріне қарай сөрелерде орналастырылған. Кітапхана қоры оқырмандар үшін ашық. Салалық әдебиеттер кітапханалық - библиографиялық классификацияға сәйкес орналастырылған, сөрелік сепараторлар бар. Кітапханада атаулы даталарға арналған кітап көрмелері ұйымдастырылады. Барлық көрмелер орыс және қазақ тілдерінде жасалады. Кітапханада қазақ және орыс тілдеріндегі мерзімді әдебиеттер бар.Оқырмандар бланкілері сақталады, оларда оқырмандарға берілген кітаптардың жазбалары бар. Кітапхана қорына жаңадан түскен барлық кітаптар түгендеу кітабына енгізіледі.  

     Кітаптарда осы мектептің мөрі және инвентарлық нөмірлері бар. Жұмыс күнделігі үнемі жүргізіледі. Барлық оқытушылар мен оқушылар кітапхана қызметімен қамтылған. Пәндер бойынша электронды оқулықтар бар.

     Кітапхана қазіргі заман талабына сай жаңа компьютерлермен және көшірме техникаларымен жабдықталған.

    Бүгінгі оқушылардың талабы да заман талабына сәйкес өте жоғары, олардың сұранысын қанағаттандыруға кітапхана қызметі жаңа деңгейде жауап беруге барлық жағдайды жасай бермек.