ХҚТЛ-де білім мен тәрбие қатар жүреді. Сапалы оқыту, саналы тәрбие беру – басты мақсат. Яғни, жастарды білімді, өнерлі, іскер, еңбекқор, өнімді етіп тәрбиелеу қаншалықты маңызды болса, адамгершілігі мол, өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, әдепті, көмекші, үлкенге ізет, кішіге сүйіспеншілікпен қарап, қорғай білуімен қатар өзгені ойлайтын, ұлттық-рухани құндылықтарына адал болып өсуі де сондай маңызды. Білім алушыларды отансүйгіштікке, өміршеңдікке, тәрбиелеу лицей мақсаттарының бірі болып табылады.