Стратегия

ХҚТЛ-дің халықаралық мектеп ретіндегі стратегиясы:
Сапалы білім, саналы тәрбие беру;
Жастарды бақытты болашаққа дайындау;
Білім алушылардың оқу үлгерімін жақсарту және олардың білім деңгейін жоғарылату;
Көптілді білім беру жүйесін құру, танымал ету, дамыту және тарату;
Жас ұрпаққа білімнің маңыздылығын ұғындыру;
Өскелең ұрпақтың шығармашылығын және жеке таланттарын шыңдау;
Жастардың оқу, түсіну, ұғыну, ойлау және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту;
Жастардың әлсіз және күшті жақтарын анықтау, дамыту және түзету стратегияларын құру, бағдарламалар жасау;
Білім алушылардың өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыру.