ҚҰРЫЛЫМЫ
Орталық Азия мәдениет қоры. Орталық Азия мәдениет қоры 1998 жылы Алматыда, Түркия Республикасының кәсіпкерлері мен академиктері, Қазақстан Республикасының зиялы азаматтары, академиктері мен ғалымдары құрған қор. Ол 2015-2016 оқу жылында өз қарамағындағы университеттер, кәсіптік лицейлер, ғылыми-зерттеу институттары, колледждер және тілдерді оқыту орталықтарына Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейін қосты. Осылайша, ол барлық деңгейдегі оқу орындары бар мемлекеттік емес мекеме сипатына ие болды.
ХҚТЛ Жоғары басқару кеңесі. Ол Қордың құрылтайшы мүшелерінен және Қор Президенті сайлаған және тағайындайтын тұлғалардан тұрады. Жоғары басқару кеңесі лицейдің ең жоғарғы шешім қабылдайтын органы. Ол ХҚТЛ басшылығын тағайындайды, оның кеңестерін бекітеді, әкімшілік-басқару, педагогтер мен басқа да көмекші персоналдардың еңбекақысын тағайындайды және төлейді, лицейдің бюджетін және білім алушының квотасын белгілейді, негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және тағы басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
ХҚТЛ директоры. Директор мектептің атқарушы органының бас лауазымды және жауапты тұлғасы болып табылады. Ол Қор мен ХҚТЛ шешімдерінде айқындалған қағидаттар мен өкілеттіктер, міндеттер мен жауапкершіліктер шеңберінде жұмыс істейді. Оны Қор президенті және ХҚТЛ Жоғары басқару кеңесінің төрағасы 1 жыл мерзімге тағайындайды.
Ол ХҚТЛ шешіміне сәйкес сайланады және әрекет етеді. Ол лицей бюджетін және барлық іс-шараларды қадағалайды және Жоғарғы Басқармаға жазбаша есеп береді.
Ол ХҚТЛ-ге демеушілік жасап, материалдық және моральдық көмек көрсететін адамдардан тұрады. Демеушілер кеңесі лицейдің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, дамытуға және өсуіне ықпал ететін әрекеттерді орындайды.
ХҚТЛ Басқару кеңесі. Ол лицейдің білім беру, оқыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын заңнамаларға, стандарттарға, қағидаларға, нормативтік құжаттарға сәйкес сапалы жүргізуге және ретке келтіруге ықпал етеді. Оның құрамына орта мектеп әкімшілігі мен тәжірибелі педагогтар кіреді және жоғары басқару кеңесінің төрағасының бұйрығымен белгіленеді.
Педагогикалық кеңес. Педагогикалық кеңес – бұл лицейдің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты органы. Педагогикалық кеңестің міндеті – тұтас педагогикалық процестің сапасын арттыруға мұғалімдер ұжымының күшін үйлестіру және біріктіру, білім беруді гуманитарландыру және ізгілендіру. Оқу, тәрбие, білім беру ісін қазіргі заман талабына сай басқару. Педагогикалық кеңес мүшелері болып барлық мұғалімдер, психология қызметкерлері, дәрігер, ата-аналар комитетінің басшылары кіреді. Лицей директоры педагогикалық кеңестің басқарушысы.