ХАБАРЛАНДЫРУ!


МАҢЫЗДЫ ҚОНАҚ!

     2023 жылдың 21 қарашасында  Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейіне Түркия  Республикасының Алматы Бас Консулының оқу ісі жөніндегі атташесі(өкіл)  құрметті Айһан Кокмаз мырза келіп, лицейдің жұмыс барысын көріп жақынырақ танысып қайтты.   

     Лицейдің Жоғары басқару органының төрағасы Сабри Хизметли, төраға орынбасары Түкібаева Махаббат Ахметқызы, Хурия Екхлеф, лицей директоры Тажиева Бейбіткүл және директор орынбасарлары, лицейімізде білім беретін Түркия елінің оқытушылары Авджы Мухаммет Еркам, Сухейла Донмез Айһан Кокмаз мырзаны жылы лебізбен қарсы алып, ақыл кеңестерін тыңдап, тәжірибие алмасты. Қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, оқу ісі жөніндегі атташесіне(өкіл) Айһан Кокмаз мырзаға шапан кигізді.   

     Лицейдің 2 оқу ғимараттарындағы бастауыш буын, орта буын және жоғарғы буын бөлімдерін аралап шыққан атташе(өкіл) лицейге оқу сапасы және көрсетіліп жатқан қызметтері үшін жоғары баға беріп, алдағы уақытта қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар Түркия Республикасының атақты білім беру ордалары «Стамбул-Үскідар, Хусейн Авне, Созен Анатолы лицейлерімен одақтас лицей болғанын құттықтады.   

     Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдениет көпірлерінің бірі болған лицейдің келешекте шәкірттерімен мақтанатын Қазақстанның атақты оқу орындарының біреуі болғанына сенім артатынын айта отырып, Түркияның да материалды және рухани қолдауының жалғасатынын айтты.   

     Лицейдің Жоғары басқару органының төрағасы Сабри Хизметли, төраға орынбасары Түкібаева Махаббат Ахметқызы, Хурия Екхлеф, лицей директоры Тажиева Бейбіткүл және директор орынбасарлары, лицейімізде білім беретін Түркия елінің оқытушылары Авджы Мухаммет Еркам, Сухейла Донмез Айһан Кокмаз мырзаны жылы лебізбен қарсы алып, ақыл кеңестерін тыңдап, тәжірибие алмасты. Қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, оқу ісі жөніндегі атташесіне(өкіл) Айһан Кокмаз мырзаға шапан кигізді.   

Халықаралық Қазақстан-Түркия лицей
Мекан-жай: Алматы қаласы. Алмалы ауданы. Қожамкұлов көшесі 69 (Мақатаев көшесі қиылысы, № 5 аурухананың арты)
Байланыстар:
Tel: +7 708 915 5081; +7 707 233 28 93.
+7 727 379 78 93-94; +7 727 379 80 88;
E-mail: mlkt2015@mail.ru
web-site: www.uktl.kz
instagram: iktl_2023

© 2023 Халықаралық Қазақстан-Түркия лицей