Халықаралық Қазақстан Түркия лицейінде 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай 15 желтоқсан күні "Ел бірлігі-тәуелсіздік тұғыры" атты мерекелік шара өткізілді.Шара барысында оқушылар ән айтып,би билеп,өлеңді мәнерлеп оқыды.Сонымен қатар Алаш зиялыларының өмірінен дерек ала отырып,ұзақ көлемде қойылым қойылды.Шараға мектебіміздің ұстаздары,оқушылары және ата-аналары қатысты.