Бос орын (педагогтар мен қызметкерлер үшін)
Бос орын (педагогтар мен қызметкерлер үшін)
22.05.2025 ж.
2025-2026 оқу жылында мұғалім-педагогтер мен әкімшілік-қызметкерлерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде келесі тәртіппен іске асырылады:
Үміткерлер түйіндемелерін вакансияға хабарландыру мәтінінде көрсетілген электрондық поштаға, ваканттық позициясының атауын көрсетіп жолдауға тиіс, ваканттық позициясының атауы көрсетілмеген өтінімдер қаралмайды.
«Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі» ЖМ (бұдан әрі ХҚТЛ) келіп түскен түйіндемелер көрсетілген талаптарға сәйкестігін байқау комиссиясы қарастырады. Іріктеуден өткен үміткерлер ғана әңгімелесуге шақырылады.
Байқаудан өтпеген ХҚТЛ-де қызмет көрсете алмайды.
Мұғалім-педагог конкурсына талапкер болу үшін 3 жылдан кем емес педагогикалық өтілі (тәжірибесі) болу керек.
Құжат қабылдайтын соңғы күн – 9 маусым 2025 жыл.
Конкурсты өткізу күні – 11 маусым 2025 жыл, сағат 09.00 - 17.00 аралығында.
ХҚТЛ қызметкері емес тұлғалар байқауға қатысу үшін мына құжаттарды тапсырады:
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
Тұруға ықтияр хат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
Мұғалім-педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
Түйіндеме;
Сурет 3х4 (2 дана);
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (ғылыми жұмыстар, жарияланымдар мен өнертабыстар тізімі (соңғы 3 жыл), алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынысы және т.б.) электрондық портфолио түрінде қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұғалім-педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар ХҚТЛ-дің Мұғалім-педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Байқауға қатыспаған ХҚТЛ қызметкерлері мен үміткерлер 2025-2026 оқу жылында жұмысқа қабылданбайды.
Жалақы мен үстемеақылар қол жеткізілген нәтижелердің сапасына байланысты белгіленеді.
Мұғалім-педагогтар және әкімшілік персонал 3 айлық сынақ мерзімінен өтеді.
Сынақ мерзімінен табыспен өтпегендер қызметтен босатылады.
ХТЛД-дің Басшылары (Директор, директордың орынбасарлары және педагог-психолог) аптасына 8 сағат сабаққа кіреді және оған үстеме еңбек ақы төленбейді.
Құжаттарды қабылдау 9.06.2025 ж. сағ. 17.00-ге дейін төмендегі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:
A05E6T0, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қожамқұлова к-сі, 69, №111 бөлме, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін. Тел.: 8 (727)3797894,
Түйіндемені vacancy@uktl.kz электрондық мекен-жайға жіберу.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласуға болады: +7 7784315806,
Әкімшілік-басқару персоналы және мұғалім-педагог бос лауазымдарының тізбесі
Бос лауазымдартізбесі | Бірлік саны |
Директор | 1 |
Оқу-әдістеме жұмыстар жөніндегі директор орынбасары | 1 |
Тәрбие кәсіби бағдар жұмыстары жөніндегі директор орынбасары | 1 |
Кадр бөлімінің басшысы | 1 |
Іс-қағаз жүргізуші және хатшы | 1 |
Бухгалтер | 1 |
Кітапханашы | 1 |
Аспазшы | 2 |
Пекарь | 1 |
Ыдыс жуушы | 1 |
Техникалық персонал | 2 |
Медпункт қызметкері (Медбике) | 1 |
Бастауыш сынып мұғалімі: | 8 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 8 |
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: | 3 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 3 |
Шетел тілі мұғалімі (ағылшын,түрік тілдері) | 5 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 5 |
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі | 2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 2 |
Математика/Алгебра/Геометриямұғалімі | 5 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 5 |
Информатика пәнінің мұғалімі | 2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 2 |
Физика пәнінің мұғалімі | 2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 2 |
Химия пәнінің мұғалімі | 1 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 1 |
Биология пәнінің мұғалімі | 1 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 1 |
География пәнінің мұғалімі: | 1 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 1 |
Тарих пәнінің мұғалімі: | 2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 2 |
Музыка пәнінің мұғалімі: | 1 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 1 |
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: | 1 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер | 1 |
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: | 2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер / Спорт шебері | 2 |
|
|
Педагог-психолог (психолог) | 1 |
Арнайы педагог (дефектолог, дефектолог-мұғалім логопед, логопед-мұғалім, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) | 1 |
Әлеуметтік педагог | 1 |
Ескерту: Мұғалім-педагогтар оқу сыныптарының білім алу тіліне байланысты іріктеледі. Оқу үдерісі 4 тілде (қазақ, орыс, түрік, ағылшын) жүргізіледі.
Әкімшілік-басқарушылық персоналға қойылатын
біліктілік талаптары
Лауазым | Негізгі талаптар |
Оқу-әдістеме жұмыстар жөніндегі директор орынбасары |
|
Тәрбие және кәсіби бағдар,ғылыми жұмыстары жөніндегі директор орынбасары |
|
Іс-қағаз жүргізуші |
|
Бухгалтер |
|
Кітапханашы |
|
Аспазшы |
|
Ыдыс жуушы |
|
Техникалық персонал |
|
Медпункт қызметкері (Медбике) |
|
Барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын
біліктілік талаптары
Лауазым | Негізгі талаптар |
Педагог
|
|
Педагог-модератор |
|
Педагог-сарапшы |
|
Педагог-зерттеуші |
|
Педагог-шебер |
|
Педагог-психолог (психолог) |
|
Арнайы педагог (дефектолог, дефектолог-мұғалім логопед, логопед-мұғалім, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) |
|
Әлеуметтік педагог |
|
Педагогтің лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыны педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика мен психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;
лицей жарғысы мен регламенттерін.